Алматыда Бас мүфтидің қатысуымен "Мектепке жол" акциясы өтті

Фотография - Алматыда Бас мүфтидің қатысуымен "Мектепке жол" акциясы өтті

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Алматы орталық мешіті жаңа оқу жылына орай Family Park саябағында "Мектепке жол" акциясын ұйымдастырды

172 0

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Алматы орталық мешіті жаңа оқу жылына орай Family Park саябағында "Мектепке жол" акциясын ұйымдастырды. Игі іс шараға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, оқушыларға оқу құралдарын табыстады.

Акция барысында 300 оқушыға қалам, дәптер сынды оқу құралдары тарту етілді. Сонымен қатар, балалар бір күн Family Park саябағына тегін кіріп, ойын-сауық аттракциондарында ойнауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.   

"Ұйымдастырылып жатқан іс шараның  басты мақсаты аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға мектепке барар кезінде киім-кешек, аяқ-киім, кеңсе тауарлары, оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, демеу жасау. Бұл "Мектепке жол" акциясы республика бойынша әр мешітте жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Тек Алматы қаласы бойынша кеше "Алғабас" мешітінде 150 оқушыға мектеп формасы мен қажетті заттар табысталды. Бұл шара еліміздің барлық аймақтарында алдағы уақытта да жалғасын табатын болады", - деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!