"Нептун - 2015" дәстүрлі жарысының мерекелік ашылу салтанаты өтті (ФОТО)

Фотография - "Нептун - 2015" дәстүрлі жарысының мерекелік ашылу салтанаты өтті (ФОТО)

Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы суда құтқару станциясында ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің кәсіби авариялық құтқару қызметтері арасында судағы көп салалы арнайы "Нептун - 2015" дәстүрлі жарысының мерекелік ашылу салтанаты бастау алды.

110 0

Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы суда құтқару станциясында ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің кәсіби авариялық құтқару қызметтері арасында судағы көп салалы арнайы "Нептун - 2015" дәстүрлі жарысының мерекелік ашылу салтанаты бастау алды.

Ашылу салтанатының құрметті қонақтары ретінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ляпунов Андрей Васильевич, ҚР IIМ Төтенше жағдайлар комитетi төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Советов Алексей Сергеевич, ҚР Ұлттық Ұланының әскери бөлімшелері, жергілікті атқарушы орган, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 03080 әскери бөлімінің командирі, қоғамдық ұйымдар бұқаралық ақпарат құралдары және құрметті қонақтар қатысты.

"Нептун - 2015" жарысын ұйымдастырудағы басты мақсат сүңгуір-құтқарушылар арасында өзара тәжірибе алмасу жүргізу, суда құтқару және сүңгуір жұмыстарында жаңа дағдыларға қалыптастыруға және бекітуге, сондай-ақ кәсіби шеберлікті шыңдауға, арттыруға бағыттау.

"Нептун - 2015" жиыны аясында ҚР ІІМ кәсіби авариялық-құтқару қызметі суда құтқару және сүңгуірлік іздестіру жұмыстары барысында жаңа технологияларды игеруін басшылық ала отырып конференция, сонымен қатар үш дистанциядан тұратын суда құтқару көп сайысы бойынша жарыстарды өткізу жоспарлануда.

"Нептун - 2015" жарысында ҚР ІІМ кәсіби авариялық-құтқару қызметінен 18 команда қатысуда, нақты айтқанда 16 команда ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетi жедел құтқару жасағынан болса, ҚР Ұлттық Ұланының әскери бөлімшелерінен (28237, 52859) 2 команда атсалысуда.

Сүңгуір-құтқарушылар "Нептун - 2015" республикалық оқу-әдістемелік жиынға қатысу арқылы алған білімі мен әдіс-тәсілдерін авариялық-құтқару жұмыстары барысында сәтті қолдана алады.

Жиын тамыз айының 25 мен 28 аралығында Балқаш көлінің маңында өтеді.

baq.kz

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!