Астаналық жол-патрульдік полициясының қызметкері күре жолда әйелді босандырды

Фотография - Астаналық жол-патрульдік полициясының қызметкері күре жолда әйелді босандырды

Астана қалалық ІІД жол-патрульдік полиция полкі жетінші ротасының екінші взводының командирі, капитан Бақыт Әлімқұлов 25 тамызда дені сау баланың дүниеге келуіне көмектесті.

355 0

Астана қалалық ІІД жол-патрульдік полиция полкі жетінші ротасының екінші взводының командирі, капитан Бақыт Әлімқұлов 25 тамызда дені сау баланың дүниеге келуіне көмектесті.

Сағат 16 шамасында полиция қызметкері "Қосшы" бағытындағы "Ертіс" бекетінде болған. Оған келген  "Ауди" маркалы көліктің  жүргізушісі көмек сұрап, жұбайының босанып жатқанын, ал Астанадағы перзентханаға дейін үлгере алмайтындығын айтқан. Бақыт Әлімқұлов жедел жәрдем қызметін шақырды, бірақ дәрігерлер келіп жеткенше әйелді өзі босандырып, сәбидің кіндігін кесіп те үлгерді.

Жедел жәрдем қызметі нәресте мен оның анасын елорданың перинаталдық орталығына жеткізді.

Қазіргі кезде анасы Сағат пен оның баласы өздерін жақсы сезінуде, риза болған ата-ананың бақытында шек жоқ. Салмағы 3 келі болып туылған ұл бала мен анасы қазір дәрігерлердің қарауында жатыр. Бұл Қанат пен Сағаттың отбасындағы бесінші бала.

Бақыт Әлімқұлов та бес баланың әкесі екен. Полиция қызметкері бес жыл бұрын күре жолда екі рет әйел босандырғанын айтты. Бұл Бақыт Әлімқұловтың босанатын әйелдерге көмегінің үшінші оқиғасы. 

2 3 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!