Астанада жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Фотография - Астанада жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Астана қаласында жұмыссыздық деңгейі бірінші рет республика бойынша төменгі сатыға жетті, екінші тоқсанның қорытындысы бойынша елорда жұмыссыздық деңгейі бойынша көшбасшы позициясын алды, аталған көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 0,4 %-ға төмен.

293 0

Қалалық Жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, 2015 жылғы 2-ші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,6 % құрады және 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (5,2 %) аталған көрсеткіш 0,6 % төмендеді.

Астана қаласында ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдайға сәйкес 10 530 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығымен 3 252 адам жұмысқа орналастырылды.

Жастар тәжірибесін өтуге 325 түлектер және жаңа мамандық меңгеру мақсатында 400 адам қайта даярлауға бағытталды.

astana.kz.

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!