Алматыдағы киім дүкеніне келген әйелдерді киіну бөлмесінде жасырын камераға түсіріп отырған

Фотография - Алматыдағы киім дүкеніне келген әйелдерді киіну бөлмесінде жасырын камераға түсіріп отырған

Алматыда бренд кимідер сататын дүкен клиенттерінен жасырып, оларды киіну бөлмелерінде жалаңаштанған күйде видеоға түсіріп отырған.

549 0

Алматыда бренд кимідер сататын дүкен клиенттерінен жасырып, оларды киіну бөлмелерінде жалаңаштанған күйде видеоға түсіріп отырған, деп хабарлайды 31 арна.
Сатып алушылардың бірі екі ай бұрын смартфонның камерасын вентиляциялық тесіктен кездейсоқ байқап қалады.

"Кездейсоқ жоғары қарап қалғанда, вентиляцияның тесігінен айфонды көріп қалдым. Мені түсіріп жатқанын түсінгенде, есеңгіреген күйге түстім. Видеоны олардың телефондарынан кейін таба алмадық. Олар оны өшіріп тастағандарын айтты", – дейді Әсем бутигінің таңырқаған клиенті.

Белгілі болғандай, мұндай ойын-сауықты дүкендегі жас қызметкерлер ойлап тапқан. Компания киіну бөлмесінің үстінде киім қоймасы орналасқанын және сол жерден қызметкерлері камерамен сығалап, видеоға түсіруге кіріскенін айтуда. Компанияның сөзіне сенсек, бұл ағаттық түзетіліп, ендігі жағдай бақылауға алынған.

"Біздің дүкен қызметкерлері жастар болғасын, ағаттық жіберіп қойды. Олар қатаң жазалау алып, жұмыстан қуылды", – дейді компанияның ритейл-директоры Марина Заиченко.

Жасырын камераға түсіріп қана қоймай, оны интернетке жария ететіндер де баршылық. Мұндай әрекет заңға қайшы саналады және оған барғандар 4 млн теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін.

"Мұндай қадам үшін 2 жылға бас бостандығынан айыру немесе 2000 АЕК көлемінде айппұл төлеу жазасы қарастырылған", – дейді қорғаушы Жангелді Сүлейманов.

nur.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!