Әкімдік Алматыдғы үй салушыларды балабақша салуға да міндеттейді

Фотография - Әкімдік Алматыдғы үй салушыларды балабақша салуға да міндеттейді

Бұл туралы "Нұркент" тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесу кезінде Бауыржан Байбек мәлімдеді

259 0

Алматы әкімі Бауыржан Байбек үй салушыларды балабақша салуға да міндеттейді, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

"Мемлекет есебінен ғана балабақша салуға үлгермейміз. Бала туу жоғары, келушілер де, сондықтан бас жоспарда міндетті түрде: құрылысшы үй салса, ақша тапса – балабақша салуға да міндетті. Біз бұл мәселені көтеріп отырмыз және шешеміз. Тұрақтар бойынша да осы", - деді Байбек "Нұркент" тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесу кезінде.

Айта кетейік, осы ауданның тұрғындары Алматының жаңа әкіміне "Қолжетімді баспана" мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған жаңа үйлердің нашар сапасына, газ бен ыстық судың, сондай-ақ, инфрақұрылымның жоқтығына шағым жасады.

Әкім тұрғындар шағымын жеке өзі тыңдады. Қала басшысының келісімен құрылысшылар барлық кемшіліктерді қысқа мерзімде түзеп, өз есебінен 200 орындық автотұрақ пен спорт алаңына орын бөлуге уәде берді.

"Адамдар қанша уақыт күтті, жедел амалдар болған жоқ. Егер мәселелер уақытында шешілсе – мен мұнда келмес едім. БАҚ-қа рахмет – олар айтып берді, енді біз қиындықтарды білеміз. Сондықтан адамдар "спасибо" рахмет айтатындай жасаңдар, бұл сауап, - деді Байбек.

Сонымен қоса, Бауыржан Байбек жергілікті тұрғындарды Момышұлы көшесі бойында, Райымбек даңғылы  мен Ақан сері көшесі арасында Ян Гейл жобасы бойынша жаяу жол аймағын абаттандыру, сондай-ақ, жақын жерде Универсияда нысандары салынуда, оларды тұрғындар пайдалана алады деп ақпараттандырды.

Айта кетейік, "Нұркент" тұрғын үй кешені 2014 жылы "Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген. Ол 3,5 мың тұрғынға есептелген. Барлығы 1 152 пәтер өткізілген.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!