Алматылық арбаға таңылған мүгедек Қапшағай казиносын сотқа бермек

Фотография - Алматылық арбаға таңылған мүгедек Қапшағай казиносын сотқа бермек

Ер адам ойынханаға кіргізбегені үшін 20 миллион теңге өндіріп алмақ

272 0

Алматылық арбаға таңылған мүгедек Вадим Кодинцев Қапшағайдың ірі казиносын сотқа береді. Ер адам Today.kz тілшісіне берген сұхбатында оны ойынханаға кіргізбеген үшін сотқа шағымданған. Кіргізбеудің себебі, ол арбамен қозағалатындықтан.

"Біз кірдік, ақшаны фишкаларға айырбастадық. Күзеттен өтіп бара жатқанда, бізді әкімшілік өкілі тоқтатты да күзетке кіргізбесін деп айтты. Біраз уақыттан кейін, күзетші жақында келіп: "Білесіз бе, бізде сіз сияқты клиенттер жоқ, сізді кіргізбейміз", - деп айтқан. Оның сөзінше, күзетшілер кіргізбеу себебін ол "ойынхананың ішкі ережесі" деп түсіндірген.

Ер адамның айтуынша, оқиға 17 маусым күні болған. Досымен бірге олар көңіл көтеріп, бағын сынап көрмек болған. Бұл оның ойынханаға алғаш баруы.

Вадим Кодинцевтың жасы 37-де, ол бірінші дәрежелі мүгедек. Арбаға он жыл бұрын жол апатынан кейін таңылған.

Ер адам ойынханадан моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге өтемді соттасып алмақ. Ол тіпті құқық қорғау ұйымының қолдауын да тауыпты.

"Ақшаның жартысын Қапшағайдың мүгедектер қоғамына аударамын, қаладағы пандустарды дамыту үшін. Мен олар (ойынхана – автордың ескертпесі) барлық ҚНмЕ-лерді орындағанын қалаймын, пандустар қойып Заңмен жүргенін мен олар заңнаманы орындап жүретіндей прецендент жасағым келеді. Олар да өзгелер де мүгедектерді кемсітумен айналыспас үшін ", - деп түсіндірді Кодинцев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!