Ақтауда 120 жас отбасы пәтер кілттерін алды

Фотография - Ақтауда 120 жас отбасы пәтер кілттерін алды

Бүгін Ақтау қаласындағы 32 "А" шағынауданында "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасының аясында салынған пәтерлердің кілттерін табыстау рәсімі өтті. Жас отбасыларға арналған 60 пәтерлі екі үй, барлығы 120 пәтер тапсырылға

198 0

Бүгін Ақтау қаласындағы 32 "А" шағынауданында "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасының аясында салынған пәтерлердің кілттерін табыстау рәсімі өтті. Жас отбасыларға арналған 60 пәтерлі екі үй, барлығы 120 пәтер тапсырылған. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев қатысты.

Үйлердің құрылысы 2014 жылы басталған. "Оңдасын строй" және "Голд 1" ЖШС мердігер болған. Құрылысқа республикалық бюджеттен 600 млн. теңге бөлінген.

"Бүгін, ҚР Конституциясының 20 жылдығының қарсаңында, жас отбасыларға пәтер кілттерін табыстап отырмыз. Олардың тұрғын жағдайын жақсартып, әлеуметтік жайлылық үшін алғышарттар жасап, тұрғындар әл-ауқатының өсіміне септігімізді тигізіп отырмыз. Жыл соңына дейін тағы бірнеше үйді тапсырамыз. Біздің аймағымызда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр", - деді А.Айдарбаев.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша, облыс бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 56 млрд. теңгені құрап отыр, жалпы ауданы 273 мың шаршы метрді құраған үйлер пайдалануға берілді. "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының аясында тұрғындардың барлық санаттары үшін несиелік тұрғын үйлерді салуға Ұлттық қордан 353 млн. теңге бөлінген. Ақтау қаласындағы 32 "А" және 33-ші шағынаудандарында жалпы ауданы 97 мың шаршы метрді құрайтын 3 тұрғын үйде (867 пәтер) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!