ҚМДБ: Қажылыққа дайындық семинары өтті (ФОТО)

Фотография - ҚМДБ: Қажылыққа дайындық семинары өтті (ФОТО)

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылы қажылыққа баруға ниет еткен азаматтарға Әл-Мәдина мешітінде семинар ұйымдастырды.

327 0

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылы қажылыққа баруға ниет еткен азаматтарға Әл-Мәдина мешітінде семинар ұйымдастырды. Семинар барысында ниет етушілерге қажылық рәсімі мен Алланың үйін зиярат етудің тәртібі, рухани сапардың маңыздылығы мен сауабы туралы толық мағлұматтар беріліп, дайындық сабақтары жүргізілді. 
Бұл игі іске ҚМДБ қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, Алматы Орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет, Қазақстан қажылар қауымдастығы діни бірлестігінің төрағасы Еркінбай Дуанаев, ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі Қанат Бекжанов және қала имамдары қатысты. 
"Аллаға шүкір, жыл сайын елімізден қажыға баратындардың саны көбейіп келеді. Әсіресе, соңғы жылдары бесінші парызын өтеуге ден қойғандардың қатары көбейе түскені байқалады. Сонымен қатар, биыл қажылыққа баруға ниет еткен жандарға үлкен мүмкіндіктер жасалып отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Сауд Аравия Корольдігімен ортақ келісімінің нәтижесінде тікелей рейс ашылып, қазақстандық қажыларға халықаралық "FlyNas" әуе компаниясы қызмет көрсететін болды. Бұл әрине, қуантарлық жәйт. Өйткені біріншіден ұшып бару уақыты қысқарады, екіншіден қаржы үнемдеуге мүмкіндік туып отыр", – деді наиб мүфти Серікбай қажы Ораз. 
Семинардан кейін қажылыққа баруды ниет еткен азаматтар Әл-Мәдина мешітінде орналасқан Қағбаның макетін айналып, өздерін қажы сезініп, іс жүзінде тәжірибеден өтті. Биыл да елімізден 4 мыңнан астам адам әртүрлі қажылық компаниялар арқылы қажылық парызын орындауға барады.

 

muftyat.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!