"Отар" 40-шы әскери базасының үздік жауынгері анықталды (Фото)

Фотография - "Отар" 40-шы әскери базасының үздік жауынгері анықталды (Фото)

"Отар" 40-шы әскери базасының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында үздік жауынгерді таңдады. Байқау Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу аясында өңірлік қолбасшылық қолбасшысының орынбасары – 40-шы әскери базасының бастығы полковник Дулат Адырбековтің басшылық етуімен өтті.

284 0

"Отар" 40-шы әскери базасының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында үздік жауынгерді таңдады. Байқау Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу аясында өңірлік қолбасшылық қолбасшысының орынбасары – 40-шы әскери базасының бастығы полковник Дулат Адырбековтің басшылық етуімен өтті.

Әскери қызметшілер 10 шақырымға жүгіру, қоян-қолтық ұрыс, АК-74 автоматынан оқ ату және көптеген өзге де байқауларда сайысқа түсті.
Жарысқа "Отар" 40-шы әскери базасының барлық әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қатысты. Күрделі және табанды бақ сынасуда жеңімпаздар анықталды. Бірінші орынды 30212 әскери бөлімі танкті мектебінің взвод сержанты кіші сержант Ержан Бекайдар иеленді. Екінші орынды 21742 әскери бөлімі қамтамасыз ету ротасының оқшашаршысы келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер Темірбек Әбдібаев алса, үшінші орынды 82796 әскери бөлімі дивизионының жүргізушісі қатардағы жауынгер Самат Қабдеш қанжығасына байлады.
Барлық сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға "Отар" 40-шы әскери базасының "Үздік жауынгері" естелік төсбелгілері мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай сертификаттар табыс етілді.
Алдында өткен үздік жауынгер байқауы ағымдағы жылдың мамырында Отарда өткенін айта кеткен жөн. Байқауға қатысушы әскери қызметшілер сынақ жаттығуларын үздік тапсырды. Атап айтсақ, 10 шақырымға толық жарақтандыруда жүгіру, жерасты тоннельді, қираған көпірді, биік 5 м қабырғаны қамтитын кедергілер жолағын бұзып өту, шағын сапер күрегін лақтыру, тас қабырғаны, шалшықты, қолдың көмегімен биік баспалдақты еңсеру, қоян-қолтық ұрыс және т.б., сондай-ақ бақылау оқ атулардың 4-жаттығуын орындау (минималды 50 ұпай). Үміткерлерді алдын ала іріктеу міндетті түрде медициналық тексеруді өткізе отырып, бір айлық жауынгерлік даярлықтың қорытындысы бойынша ай сайын әскери бөлімдерде өткізіліп тұрды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!