Алматының Алмалы ауданында Конституция күні аталып өтті (ФОТО)

Фотография - Алматының Алмалы ауданында Конституция күні аталып өтті (ФОТО)

Алматыда "MegaPark" ойын-сауық орталығының алаңында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған "Ата Заңым - айбыным!" атты мерекелік іс-шара өтті.

657 0

 Алматыда "MegaPark" ойын-сауық орталығының алаңында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған "Ата Заңым - айбыным!" атты мерекелік іс-шара өтті. 

Өзінің алғы сөзінде Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов бүгінгі думанға жиналған қала тұрғындары мен қонақтарын Конституция күнімен құттықтап, Ата заңның тәуелсіз Қазақстан тарихында алар орнының ерекше екендігін атап өтті.

"Ата Заң - біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы! Сондықтан, Ата Заңды ардақтау - келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің әрбір азаматының асыл парызы. Егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден бір құжат - бұл Конституция. Осыны ұмытпайық. Бүкіл ел болып, халықтық референдум негізінде қабылданған Ата Заң - Қазақстан халқының күнделікті өмірінің айнасына айналды.  Бүгінде тұрақтылығы нығайып, тыныштығы бұзылмаған елдердің қатарында тұрмыс кешуіміз жиырма жылдық тарихы бар Ата Заңымыздың арқасы. Ата заңымыз - тәуелсіздігіміздің тірегі", - деді Серік Құсайынов.

Бұдан кейін аудан әкімі кәмелет жасқа толып, ересек өмірге аяқ басқан үш жеткіншекке төлқұжат табыс етті.

Іс-шара барысында ұйымдастырылған мерекелік концертте Қазақстан эстрадасының атақты жұлдыздары: Сұлушаш Нұрмағамбетова, Арман Дүйсенов, Қарагөз Тілеубекова, ҚР Мемлекеттік "Салтанат" би ансамблі, Республикалық және халықаралық ән байқауларының лауреаттары, "Мөлдір" би ансамблі және аудан мектептерінің өнерпаз жастары өз өнерлерін ортаға салып, жиналған қауымды тәнті етті.

Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында асық ату, арқан тарту секілді ұлттық ойындар бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етілді. 

null null null null null 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!