Астанада бопсалау бойынша айыпталған оқушылар мектепке барды

Фотография - Астанада бопсалау бойынша айыпталған оқушылар мектепке барды

Қаланың білім басқармасы мұндай енді қайталанбайды деп сендірді

415 0

Астанадағы гимназиялардың бірінде оқитын, бопсалау бойынша айыпталған оқушылар оқудан шығарылмайды және сабаққа барады. Бұл туралы Today.kz тілшісіне қаланың білім басқармасының жетекшісі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді. Сондай-ақ, ол мұнадй жағдай Астана мектептерінде қайталанбайды деп сендірді.

"Қорқып керегі жоқ. Бұл балалар, біз бір бала екнішісін ұрғаны үшін оны мектептен шығарып жібере алмаймыз. Біз педагогпыз, біздің бұған құқымыз жоқ. Егер балалар төбелесіп қалып, ұрған бала жазасын алса, бұл бәрі үшін сабақ болады, ал оны сабаққа келтірмеуге құқымыз жоқ. Бұл екі оқушының теке тіресі және мұндай енді қайталанбайды деп сендіре аламын", - деді Суханбердиева.

Мұның алдында ол оқиға орын алған гимназияның педагогтары мен әкімшілігі жазаланады деп мәлімдеген.

Естеріңізге салсақ, бопсалау бойынша Астанадағы гимназия оқушыларын соттап жатыр. Зардап шеккен баланың ансының айтуынша оның ұлын жоғары сынып балалары "алым" төлемегені үшін ұрған.

Зардап шеккен оқушының анасы мектеп қабырғасында бейнекамераға түсіп қалған таспаны ұсынды, онда жасөспірім өзгелерді бір қатарға тұрғызып, оның бірін бетінен қолымен ұрып, кеудесінен аяғымен тебеді.

Мұның алдында осы гимназияның тағы бір оқушысының анасы оның да ұлын жоғары сынып оқушылары бопсалағанын айтқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!