Елордада қызылшаға қарсы иммундау жүргізу үшін 150-ге жуық жылжымалы бригада құрылған

Фотография - Елордада қызылшаға қарсы иммундау жүргізу үшін 150-ге жуық жылжымалы бригада құрылған

Астана қаласының әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Е. Аманшаевтың жетекшелігімен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы жұқпалы ауруларды төмендету бойынша штаб отырысы өтті.

272 0

Астана қаласының әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Е. Аманшаевтың жетекшелігімен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы жұқпалы ауруларды төмендету бойынша штаб отырысы өтті.  Жиын барысында 15-19 жас арасындағы тұлғаларға қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізу мәселесі қарастырылды.

Аталмыш кампанияны өткізу үшін сапалы жағдайлар жасау, иммундау мерзімі, екпе қабылдағаннан кейін міндетті медициналық бақылау жүргізу, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша мәселелер қарастырылды.

Қазіргі уақытта 21 580 жеткіншекке вакцина салу мәселесі өзекті болып отыр. Осыған орай, қаланың 10 емханаларында және 7 алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында, сондай-ақ 110 білім беру ұйымдарында 127 екпе салу бөлмелері мен иммундау жүргізу үшін 142 жылжымалы бригадалар құрылған.

astana.gov.kz


Тегтер:

Елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!