Жыл басынан бері елордада 12 118 жаңа жұмыс орны ашылды

Фотография - Жыл басынан бері елордада 12 118 жаңа жұмыс орны ашылды

Астана қаласында ағымдағы жыл басынан бері 12 118 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлады Астана қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы.

324 0

Астана қаласында ағымдағы жыл басынан бері 12 118 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлады Астана қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы.

Соның ішінде: өнеркәсіп саласында – 958, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоциклдер жөңдеу саласында – 2 850, көлік және қоймалау саласында – 794, білім саласында – 1 460, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында – 669, құрылыс саласында – 1 840 және 3 547 – экономикалық қызметтің басқа түрлері.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығымен 3 793 адам жұмысқа орналастырылды.Жастар тәжірибесінен өтуге 501 түлек және жаңа мамандық меңгеру мақсатында 465 адам қайта даярлануға бағытталды.Сондай-ақ, 113 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!