Баян Есентаева Instagram-дағы өз жанкүйерлерінің "топастығынан" шаршады

Фотография - Баян Есентаева Instagram-дағы өз жанкүйерлерінің "топастығынан" шаршады

Қазақстандық жұлдыз Баян Есентаева парақшасына негативті пікірлер қалдыратын жазылушыларына ызалы екенін байқатты.

930 0

Қазақстандық жұлдыз Баян Есентаева парақшасына негативті пікірлер қалдыратын жазылушыларына ызалы екенін байқатты. Продюсер, тележүргізуші әрі әнші оның шығармашылығына разы еместерді парақшасынан шығып кетуін талап етті, деп хабарлайды nur.kz.

"Халайық, сендердің коменттеріңді оқып, ызақорлықтарыңа, сауатсыздықтарыңа, топастықтарыңа, қараңғылықтарыңа, қатыгездіктерің мен көргенсіздіктеріңе таңмын. Сендерге мұндай құқықты кім берді? Мен сендерге әпкелерің де, аналарың да, құрбыларың да, тіпті көршілерің де емеспін! Бұл ластықты, топастықты, кемістікті доғарыңдар! Егер менің балаларым, менің өмірім, менің жобаларым ызаларыңды келтірсе, шығып кетіңдер! Менде сіздердікіндей жүрек бар, әсіресе ана жүрегі! Мен тізіп шыққан баааарлықтарың бір жаққа кетіңдерші! Мен сендердің кеңестерің мен өмір сабақтарыңды қажет етпеймін. Менің өмірім! Менің жеңістерім! Менің қателіктерім! Сендер ол жерде болған емессіңдер, болмайсыңдар да!!! МЕН БҰҒАН ҚАТЫСЫ ЖОҚТАРДЫҢ АЛДЫНДА КЕШІРІМ СҰРАЙМЫН!!! Алдын ала жауап берейін, мен, сонымен қатар мақтаулар мен сүйсінушіліктерді де қажет етпеймін. Жай ғана үндемей өте беріңдер, ең дұрысы шығып кетіңдер!", – деп жазды Есентаева.

Жұлдыз мұндай адамдарға мән бермеуге кеңес берушілердің де аулақ болуын талап етті.

"Сонымен қатар "Баян, сіз қоғам адамысыз, етіңіз үйренетін уақыт келді" деп ақыл беретіндерді де қажет етпеймін. Мен ештеңеге үйренуге міндетті емеспін, мен жалпы түкке міндетті емеспін! Наразылар бар ма? мен істегеннен де жақсы істеп алыңдар!!! Барлық негативті бұғаттап тастаймын!!! Түсіністік танытасыңдар деген үміттемін!!!», – деп түйіндеді Есентаева.

Өкінішке орай қазіргі кезде бұл жазулар Баян Есентаева Instagram-дағы парақшасын көру мүмкін емес.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!