Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған байкерлердің мотошеруі басталды

Фотография - Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған байкерлердің мотошеруі басталды

Алматы қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын еліміздің барлық аймақтарында жалпыұлттық деңгейде атап өтуді насихаттауды мақсат етіп қойған байкерлердің мотошеруі басталды.

192 0

Алматы қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын еліміздің барлық аймақтарында жалпыұлттық деңгейде атап өтуді насихаттауды мақсат етіп қойған байкерлердің мотошеруі басталды.

Аталмыш шара Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, қоғамды тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік және келісімге негізделген басты құндылықтар төңірегіне топтастыруға, мерекелік іс-шараларға еліміздің барлық азаматтарын тартуға және т.б. септігін тигізеді.

Мотошеруді "Қазақстан географиялық қоғамының" президенті, әлемге танымал саяхатшы Д.И.Петрухин бастамасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр.

29 тамызда Алматы қаласынан шыққан мотошерушілер 11 қыркүйекте негізгі мерейтойлық шаралар өтетін Астана қаласына келсе, 9 қазанда негізгі мерейтойлық шаралар жалғасатын Тараз қаласына жетеді. Мотошеру жол бойы Қарағанды, Өскемен, Семей, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Актөбе, Арал, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент және т.б. қалаларда болады.

Мотошерушілер әрбір аймақтың басшыларына Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған логотип бейнеленген туды табыстап, кездесулер өткізеді және Қазақстан тарихында маңызы зор тарихи жерлерге барады.

Шеру шамамен 40 күнге созылады.

Мотошеру Қазақстанның көптеген өңірлерін қамтитындықтан халық ең көп қатысатын ауқымды шаралардың біріне айналады деп күтілуде.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!