Әлеуметтік желілердегі негативті пікірлерден кейін теміртаулық отбасын Андрей Малаховтың ток-шауына шақырды

Фотография - Әлеуметтік желілердегі негативті пікірлерден кейін теміртаулық отбасын Андрей Малаховтың ток-шауына шақырды

Баланың сөзінше, оларды интерент пайдаланушылары қаралауда

526 0

Теміртаулық отбасын әлеуметтік желілердегі негативті пікірлерден кейін Андрей Малаховтың "Пусть говорят" ток-шауына шақырды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

Суретте – анасы Алена Марковамен бірге үш жасар Артем. Бала – көз кемістігмен туған,дәлірек айтқанда ол бір көзбен дүниеге келген. Артемның туыстарының айтуынша, олар баланың кемістігі жайлы біле салысымен, жақсы дәрігер іздеген. Балаға протез, сонымен бірге пластикалық ота қажет еді. Жергілікті БАҚ арқылы балаға қайырымдылық қаржы жинау туралы ақпарат берілді. Кейін отбасы Мәскеуге кеткен, онда жергілікті қайырымдылық қоры көмек көрсекен еді: тұру мен баланың емінің ақысын төледі.

Сонымен қатар, әлеуметтік желі пайдаланушылары ұлдың анасы мен әжесін баланың кемістігін пайда табуға пайдаланып, көбірек қаржы жимақ деп айыптаған. Артемның жақындарының сөзінше, Иркутск облысында тұратын желі пайдаланушысы баланың анасы, жиналған қаржының бәрін көңіл көтеру мен қымбат әшекейлерге жұмсайды деп айыптаған.

"Менің жұбайым "Однокласники" желісінде бұл ханымдарға ұшырасқан. Біздің бауырымыздан баланың киімдері қалған. Әйелім киімді беріп жіберуді ұсынған. Олар бас тартыпты. Олар киім керек емес, ақша ғана керек депті, - деп жазады Иван Мельников. – жеке есепшоттарының нөмірін берген. Осы жерде бәрін түсіндік. Әдіс қарапайым. Баланың, жеңілдетіп айтсақ көріксіз келбетін пайдаланып, әлеуметтік желіде ақша жинауға болады. Аяушылық тудырғысы келеді, әкесі тастап кеткен деп. Бұл оқиға міне екіжыл жалғасып келеді. Осы ақшаға олар ел аралап та келді: Тольятти, Жигулевск, Анапа. Бұл ақпарат ашық мәлімет көзінен. Олар өздері ғаламторға суреттерін жариялауда. Қазір бірақ бәрін есепке алды".

Баланың әжесі, Лариса Бычкова, біреу олардың отбасына жала жапты деп есептейді. Әйелдің айтуынша, қайырымдылық қоры бөлген қаржының барлығын Артемның еміне жұмсалып жатыр.

"Оған көз протезін ай сайын ауыстыру керек. Өйткені протездер сынып қалады, олар нәзік. Бір жолы тіпті көз ұясында шытынап кетті, - дейді Лариса Бычкова. – қызым таңнан кешке дейін жұмыста. Интернетте бізді Алена Теміртауға барып келгеннен кейін қаралай бастады.

Бычкованың пікірінше, Аленаның бұрынғы күйеуінің кесірінен болды, ол оны жақында кездейсоқ Теміртауда жолықтырып қалған.

"Олар қазір бірге тұрмайды. Олар тілдесіп, кезігуге келіскен. Ол келмеді. Ол оның суретін мұңды өлеңмен бірге "Одноклассники" желісіне орналастырған. Осыдан кейін біз туралы түрлі сөздер кетті. Бізді айптамаған іс қалмады. Мен алкоголик екенмін. Оның ата-анасының үйінде еден жуушы болып істеппін. Мұндай мұлде болған емес. Алена одан ақсша сұрапты деп те жазды. Қаншама қаралау. Не жазбады біз туралы!" – дейді артемның әжесі.

Лариса Бычкованың айтуынша бұл оқиға "Пусть говорят" бағдарламасының редакторларына жеткен, олар онда қатыспақ.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!