Қазақ хандығының 550 жылдығын бастап беру міндеті Асанәлі Әшімовке жүктелді

Фотография - Қазақ хандығының 550 жылдығын бастап беру міндеті Асанәлі Әшімовке жүктелді

11-13 қыркүйек күндері Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтіледі. Елорда төрінде өтетін мерейтойды бастап беру міндеті КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімовке жүктеліпті.

258 0

11-13 қыркүйек күндері Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтіледі. Елорда төрінде өтетін мерейтойды бастап беру міндеті КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімовке жүктеліпті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде КСРО Халық әртісі өзі мәлімдеді. 

– Бүгінгі күні мемлекетіміз үлкен бір қуаныш - 550 жылдықты атап өткелі отыр. Бұл жалпы халыққа, оның ішінде мектеп жасындағы оқушылар мен студенттерге қажет. Олар жастайынан елінің тарихын, дәстүрін біліп өсуі керек. Еліміздің барлық аймағында бұл мереке тойланғалы отыр. Қуанышты халыққа жеткізетін, соны тарихты қозғайтын, менің әріптестерім, яғни, өнер қайраткерлері. Жақында мен Оралдың Орда деген қаласында болдым. Бөкей, Жәңгір хандардың дәуірлеген аймақтарды араладым. Үлкен мереке өтті. Енді 11 қыркүйекте Елорда төрінде өткелі отыр. Осы айрықша мерекені бастап беру міндеті маған тапсырылғанына ерекше бақыттымын. Өзім қатысамын. Сондай-ақ мен қызмет істейтін Әуезов театрының әртістері де болады, – дейді Асанәлі Әшімов. 
КСРО Халық әртісінің айтуынша мұндай ұлы мерекені барлық әлемге көрсетуіміз қажет. 
– Елді әлемге таныстыратын осы біздің тарихымыз. Ертең осы түрлі кино, түсірілген фотоның бәрін қолдан келгенінше бүкіл әлемге таныту керек. Қайдан шыққанымызды, қалай пайда болғанымызды түсіндіруіміз қажет. Бүгінгідей бақытты дәуірге қалай жеткенімізді көрсету білу міндеті тұр, – дейді Асанәлі аға. 
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!