1 қазаннан бастап Алматы автобустарында жаңа төлем жүйесі жұмыс істей бастайды (сурет)

Фотография - 1 қазаннан бастап Алматы автобустарында жаңа төлем жүйесі жұмыс істей бастайды (сурет)

Бүгін Бауыржан Байбекке қоғамдық көліктегі электронды төлем жүйесін таныстырды

354 0

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаладағы қоғамдық көліктердегі электронды билеттеу жобасымен танысты, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

"Мұнда ешқандай репресивті әдіс болмау керек. Азаматтарға түсіндіру жұмыстарына, кең ауқымды жарнамаға үш ай беру керек. Адамдар мұның ыңғайлы екенін көру керек. Асықпай істеу керек. Сосын 1 қаңтардан бастап біз электронды билеттеу жүиесіне толықтай өтеміз. Бұған қарсы тасымалдаушылар нарықтан кету керек", - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, алматының қоғамдық көлігінде ақысыз төлемнің бастапқы нұсқасы 2015 жылдың 1 қазанынан бастап енгізіледі. Ол үшін тұрғындар арнайы көліктік карталар алуы керек. Барлық қалалық автобустарда арнайы төлем терминалдары орнатылады. Сонымен бірге үш ай бойына билетсіз жолаушыларға айыппұл салынбайды. "Қазан, қараша, желтоқсан айыппұл салмаймыз. Ревизиялық бақылау қызметі келесідей болады: егер адамда карта болмас, бақылаушылар оған карта береді, чек береді де, карта үшін ақысын алады", - деп түсіндірді "Алматы көлік холдингінің" өкілі Рифат Абдураманов.

Сонымен қоса Байбек өзге қала көліктерінің мегаполиске кіруін шектеу жұмыстарын жалғастырады. "Біз қазір басқа қала көліктерінің кіруін күшпен тоқтата алмаймыз. Біз жағдай жасауымыз керек, пайдасын көрсетуіміз керек. Егер адам бензин жағып, кептелісте тұру тиімсіз болса, оған автобусқа отыру ыңғайлы болады. Автотұрақ мәселесін қарастырып жатырмыз, тұрақ тегін немесе арзан болады. Сонда, кептеліс мәселесін шешерміз", - деді Бауыржан Байбек.

Алматыға күніне сырттан 200 мың көлік кіреді. Мегаполисте бүгінгі күні 1600 автобус пен троллейбус жүреді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!