Алматыда мектептер маңында жылжымалы фоторадар кешені орнатылды

Фотография - Алматыда мектептер маңында жылжымалы фоторадар кешені орнатылды

"Абайлаңдар, балалар!" жедел-алдын алу шарасының аясында Алматы полицейлері қала жолдарындағы оқушылардың қауіпсіздік шараларын күшейтті. Шаралардың бірі жалпыға білім беретін оқу орындарында "КРИС-П" жылжымалы фоторадар кешенін орнату болды. Бұл туралы қаланың ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

209 0

"Абайлаңдар, балалар!" жедел-алдын алу шарасының аясында Алматы полицейлері қала жолдарындағы оқушылардың қауіпсіздік шараларын күшейтті. Шаралардың бірі жалпыға білім беретін оқу орындарында "КРИС-П" жылжымалы фоторадар кешенін орнату болды. Бұл туралы қаланың ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұл акция 20 тамызда басталған. Ол оқушылардың мектепке қауіпсіз жолын қамтамасыз ету үшін жол-патрульдік полициясы инспекторларының жаппай кезекшілігін қамтиды. Алайда қалада қарқынды жол қозғалысымен өткел бөлігіне тікелей жақын орналасқан оқу орындары бар. Бұл учаскелерге жүргізушінің жауапкершілігін арттырып, олардың тәртібін жақсартатын барынша пәрменді шаралар қажет, сол үшін "КРИС-П" жүйесінің ресурсын пайдалануды шештік: оқу жылының басынан бастап олар мектептердің жанына ішінара орнатылды", - деп хабарлады Алматы қ. ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

Атап айтқанда, полицейлік техника «Айнабұлақ» шағын ауданындағы Мұқатаев көшесі бойынша орнатылды. Шет ауданда өткел бөлігі маңында екі мектеп орналасқан. Акцияның белсенді қатысушысы "Жалпы жол" жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, біржақты қозғалыс учаскелерінде көбінесе жылдамдықты арттырып, қоғамдық көлік жүргізушілері жол қозғалысы қағидасын бұзады.

 "Бұл ретте практика тек жазалау шараларымен жағдайды жақсарта алмайтындығын көрсетті, жол қозғалысына әр қатысушы, әсіресе жүргізуші аса жоғары жауапкершілікпен қарап қана елдің ең ірі мегаполисінде жол жағдайына оң ықпал ете алады. Жүргізушілерге күндіз шамды жағу, қауіпсіздік белдігін қолдану, балаларды ұстайтын құрылғыны пайдалану, жүргінші жолында жол қағидасын сақтау, қала жолдарында жылдамдықты асырмау қажеттілігі жиі айтылады", - деді полковник.

Сондай-ақ Алматы әкімшілік полиция басқармасында оқу басталар алдында автокәсіпорын, гараж кооперативтері, автобус желілерінде жүргізушілермен әңгімелесіп, жолда балаларға баса көңіл бөлуді арттыру, қауіпсіздік белдігін міндетті қолдану туралы нұсқау берілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!