Алматыда тұңғыш рет қалалық ас фестивалі өтті (ФОТО)

Фотография - Алматыда тұңғыш рет қалалық ас фестивалі өтті (ФОТО)

Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен тұңғыш рет Қала күні аясында "Алматының дәмін татып көр" атты қалалық ас фестивалі өтіп жатыр.

316 0

Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен тұңғыш рет Қала күні аясында "Алматының дәмін татып көр" атты қалалық ас фестивалі өтіп жатыр. "Art Point" мәдени кеңістігі аумағында ұйымдастырылған мәдени шара бүгін кешкі сағат 21:00-ге дейін жалғасады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, билеттерді сатудан түскен барлық қаражат Қазақстанның Қызыл Жарты ай Қоғамына табыс етіледі. Бұл қаржы кейін төтенше жағдай кезінде әрекет жасайтын еріктілер командаларын жасақтауға жұмсалады.

Фестивальге қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет атқаратын 14 ұйым қатысты. Олардың ішінде белгілі мейрамханалар, кафелер, кофеханалар, дәмханалар, наубайханалар, аспаздық стартаптар және басқа да отандық брендтер бар. Фестиваль аясында ұсынылатын тағамдардың бағасы қымбат емес. Сонымен қатар, фестиваль барысында шеберлік сыныптары, жас әншілердің концерті, байқаулар және ұтыс ойындары болады.

Ал тамақты талғап жейтін ең жас қала тұрғындары үшін өз алдына бөлек ойын-сауық бағдарламасы қарастырылған.

"Мұндай фестиваль қаламызда тұңғыш рет өткізіліп отыр. Ондағы басты мақсат әр түрлі гастрономиялық жобалары бар әдемі, дәмді, көрікті қалалық мереке ұйымдастыру. Сонымен қатар, волонтерлік қозғалысты дамыту үшін Қазақстанның Қызыл Жарты ай Қоғамына қаражат жинау. Егер барлығы көңілден, ойдан шығып жатса, онда қала тұрғындары демалыс күндерін отбасымен бірге жақсы өткізулері үшін фестивальді әр үш ай сайын тұрақты түрде өткізіп тұратын боламыз", - деді фетивальді ұйымдастырушы Яна Кузнецова.
null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!