Халықаралық Түркі академиясы ғылыми кеңесінің алғашқы жиыны өтті

Тыныс-тіршілік
904
Кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиынға Академияны құрушы мемлекеттердің Білім және ғылым вице-министрлері және бірқатар БАҚ өкілдері қатысты,-деп хабарлайды академияның баспасөз қызметінен.  

Түркі кеңесінің бас хатшысы Рамиль Хасановтың құттықтау сөзімен ашылып, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жүргізген жиында Ғылыми жобаларды жүзеге асырудың қағидалары мен ережелері және Академияның алдағы жылы жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу жобаларының бағыттары талқыланды. Қатысушылар Түркі әлемінің интеграциясы және қазіргі заманның даму тенденциялары туралы да өзара пікір алмасты. Әзербайжан Республикасы Білім министрінің орынбасары Гурбанов Фирудин Иса оглы, Қырғыз Республикасының Білім және Ғылым министрінің орынбасары Бекбоев Адилет Зарлыкович, Түркия Республикасы Ұлттық білім министрлігінің жауапты хатшысы Текин Юсуф, ҚР Білім және ғылым минстрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жолдасбаев Сансызбай Елеусізұлы өз ойларын ортаға салды.
Басқосу барысында Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің келесі отырысының өту күні анықталып, жиынның Хаттамасы мақұлданды. Жиын соңында ұйым басшысы Д.Қыдырәлі қонақтарға Академия басып шығарған құнды еңбектерді сыйға тартты.
Айта кетейік, Баку қаласында 2014 жылы 28 қарашада өткен Түркі кеңесі Білім министрлерінің ІІІ отырысында тараптар Түркі академиясының Ғылыми кеңесін құру туралы шешім қабылдаған болатын. Кеңестің құрамына Түркі кеңесі Білім министрлері, Түркі академиясының президенті мен вице-президенттері кіреді.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить