Маңғыстауда ең салауатты ауыл, мектеп, балабақша таңдалды (ФОТО)

Фотография - Маңғыстауда ең салауатты ауыл, мектеп, балабақша таңдалды (ФОТО)

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында жыл сайынғы облыстық денсаулық фестивалі өтті, оған мыңдаған мемлекеттік қызметшілер, жас спортшылар мен салауатты өмір салтын ұстанатын ауылдықтар қатысты.

580 0

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында жыл сайынғы облыстық денсаулық фестивалі өтті, оған мыңдаған мемлекеттік қызметшілер, жас спортшылар мен салауатты өмір салтын ұстанатын ауылдықтар қатысты. Фестиваль бағдарламасы бірқатар спорт жарыстарынан, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстардан, флешмоб, концерттік бағдарламадан тұрды.

Фестиваль веложарыстан басталды. Одан әрі, облыстың денсаулық сақтау басқармасының атынан «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын іске асыруға үлес қосқан мемлекеттік қызметшілер марапатталды. Ал, аудан басшысы Нұрлан Тәжібаев салауатты өмір салтын ұстанған белсенді ретінде марапатталды.

Сондай-ақ, өңірдің салауатты өмір салты орталығы жариялаған байқау жеңімпаздары (Мұнайлы ауданының ұйымдары, әлеуметтік нысандары ) жарияланды.

Фестиваль аясында аудан тұрғындары жылжымалы медициналық орталықтың озық медтехникасы қызметтері мен мамандардың кеңестерін тегін пайдаланды.

Фестиваль облыстың және Жаңаөзен қаласы орталықтарында ұйымдастырылды.

null 

null 

null 

null 

null



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!