ҚР Қарулы Күштерінде әскери есепте тұрған азаматтар жиынға шақырылды

Фотография - ҚР Қарулы Күштерінде әскери есепте тұрған азаматтар жиынға шақырылды

Жексенбі күні Қапшағай қаласының 10228 әскери бөлімінде әскери есепте тұрған Қазақстан Республикасының әскери міндетті азаматтарымен жиын басталды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

266 0

Жексенбі күні Қапшағай қаласының 10228 әскери бөлімінде әскери есепте тұрған Қазақстан Республикасының әскери міндетті азаматтарымен жиын басталды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен. 

Жиын қыркүйектің 5-і мен 19-ы аралығында өтеді. Оған 160 адам қатысады. Бұл жиында әскери міндеттілер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру үшін әскери бөлімдерге шақырыла отырып, әскери білімдерін жетілдіретін болады.

Әскери жиынның негізгі мақсаты қысқартылған санда бейбіт уақытта тұрған әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру, жасақтау аудандарында оларды соғыс уақытында жұмылдыру және жасақтау кезінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын өрістету үшін қажет қорда әскери-оқытылған ресурстарды дайындау және жинақтау.

Әскери міндеттілер жиынға жоспарланатын жылға қордағы контингенттің шақырылу көлемін айқындайтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде шақырылады. Әрі қарай қыркүйектің 9-і мен 23-і аралығында әскери міндеттілердің жиыны Қарағандыда, Семейде, Отар кентінде және Қарағанды гарнизонының әскери полиция жасағында (Қарағанды қ.) өтетінін айта кетейік.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!