Роскосмос Байқоңырды туристік бағытта дамытпақшы

Фотография - Роскосмос Байқоңырды туристік бағытта дамытпақшы

Роскосмос Байқоңыр (Қазақстан) мен Восточный (Амур облысы) ғарыш айлақтарын туристік бағытта дамытуды көздеп отыр, деп жазады "Известия".

162 0

Роскосмос Байқоңыр (Қазақстан) мен Восточный (Амур облысы) ғарыш айлақтарын туристік бағытта дамытуды көздеп отыр, деп жазады "Известия".

 Алайда қонақтарды күтіп алу міндетін Ресей ғарыш корпорациясы өзі атқармай, туроператорларға жүктейтінін алға тартты.

"Арнайы жүйе жасап, соның негізінде туристік бағытты өркениетті деңгейде дамытатын боламыз", - деді Роскосмостың ресми өкілі Игорь Буренков. Оның айтуынша, қажетті инфрақұрылымдық өзгерістер жасалғаннан кейін "осы мәселені қолға алып, туристерге қызмет көрсету үшін операторлар арнайы іріктеуден өтетін болады".

Буренковтың сөзіне сәйкес, қазіргі уақытта турист ретінде ғарыш айлақтарына сапар шегуге болады, алайда оған қол жеткізу әсте оңай шаруа емес. "Экскурсия жүйелі түрде ұйымдастырылмайды, ал жекелеген жағдайларда зымыранның ұшырылымын қадағалайтын кәсіпорынмен келісімшартқа отыру керек", - деп түсіндірді ол. Сонымен қатар, тиісті инфрақұрылымның жоқтығы да туристік бағытты дамытуға тұсау болып отыр: Байқоңырда екі қонақ үй ғана бар, оның өзі ұшырылым күндері тапсырыс бойынша лық толы.

Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығынан мәлім еткендей, инфрақұрылым мәселесін алдағы екі жылда, Астанада өтетін "Ехро-2017" халықаралық көрмесіне дейін шешу қажет. "Жүзден аса елден екі-үш миллионға жуық мейман келеді деп күтілуде. Жүйені өсіріп, қолда бар әлеуетті тиісті деңгейде іске асыруға мүмкіндік бар", - деп атап өтті орталықтың бас директоры міндетін атқарушы Ранохон Джураева.

bnews.kz

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!