Павлодарлық ғалымдар алкогольсіз сусын өндіріп жатыр

Фотография - Павлодарлық ғалымдар алкогольсіз сусын өндіріп жатыр

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары мен "Line Brew Bottlers" қазақстандық сыра компаниясы арасында "Алтын Батыр" алкогольсіз шай сусынының алғашқы партиясын өндіру туралы келісімшарт жасалды.

324 0

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары мен "Line Brew Bottlers" қазақстандық сыра компаниясы арасында "Алтын Батыр" алкогольсіз шай сусынының алғашқы партиясын өндіру туралы келісімшарт жасалды, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Line Brew Bottlers" сыра компаниясы Қазақстан нарығында 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Алкогольсіз шай шығару жобасының жетекшісі, ғылым докторы Бибігүл Жұмабекованың айтуынша, "Алтын Батыр" өнімінің жаңа технологиясы ПМПИ-дің биоценология және экологиялық зерттеулер ғылыми орталығының базасы негізінде жасалады.

"Жобаның негізгі идеясы – биотехнолог-ғалымдар, микробиологтар, салқындатқыш сусындарды өндіретін өндіріс мамандарының емдік-сауықтыру өнімдерін жасау үшін биологиялық активті микроорганизмдер қауымдастығы негізінде жұмыстарын өзара біріктіру. Табиғи сусынды алуда нақты технология пайдаланылып, заманауи биотехнологиялық және молекулалы-генетикалық әдістер қолданылады", - дейді Б. Жұмабекова.

Институттың ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Әсем Ілиясованың сөзінше, сусынға өсімдік қоспалары қосылып, өнімнің биологиялық белсенділігі артады. Аталмыш жоба ҚР Әділет министрлігінен алты инновациялық патентіне қол жеткізді. Сонымен қатар, "Алтын батыр" алкогольсіз шай сусыны ресейлік жаратылыстану Академиясының "Жаңа технология - 2015" аталымы бойынша шетелдік Ұлттық сапа сертификатына ие болды.

ЖОО баспасөз қызметінің хабарлауынша, тамыз айында Алматы қаласындағы "Line Brew Bottlers" зауытында "Алтын Батыр" жаңа сусыны таныстырылды.

"Қазақ тамақтану Академясының өкілдері, ҰЗИ кардиология мен ішкі аурулар, сертификат пен сараптама ұлттық орталығының өкілдері өнімнің сапасына жоғары баға берді. Қазақ тамақтану Академиясының өкілдері "Алтын Батыр" сусынына "Қазақ тамақтану Академиясында мақұлданды» деген мәртебесін алу үшін қауіпсіздік пен сапа сертификатын алуды ұйғарды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!