Алматы әкімі Астана және Қазақстан митрополитін қабылдады

Фотография - Алматы әкімі Астана және Қазақстан митрополитін қабылдады

Қала әкімі Орыс Православие шіркеуінің Қазақстан аумағындағы негізгі екі конфессияның бірі екендігін айтты.

297 0

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Кездесу барысында оңтүстік астанадағы епархия жұмысы талқыланды. 

Қала әкімі Орыс Православие шіркеуінің Қазақстан аумағындағы негізгі екі конфессияның бірі екендігін айтты. Сонымен қатар, Бауыржан Байбек жастарды дәстүрлі діни ағым рухында тәрбиелеудің маңызды екендігін атап өтті.

Кездесу барысында сондай-ақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен зайырлы атқарушы билік пен дәстүрлі Ислам және Православ діндері басшылығы арасындағы тұрақты ынтымақтастық жайы атап өтілді.
"Бейбітшілік пен келісім еліміздің тәуелсіздік жылдарында әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанның бет-бейнесіне айналды. Әртүрлі мәдениет пен көзқарастар иелері және түрлі этностар мен ұлыстар арасында өзара сыйластықты тәрбиелеу - Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүзеге асырып отырған сындарлы саясаттың ажырамас бір бөлігі", - деді Б.Байбек.
Митрополит Александр өз кезегінде Православие шіркеуінің республикада және Алматыда атқаратын миссиясы туралы әңгімелеп берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!