Мақтаралдықтар 650 мың тонна ақ алтын жинады - ОҚО

Фотография - Мақтаралдықтар 650 мың тонна ақ алтын жинады - ОҚО

Оңтүстік Қазақстанда мақта теру науқаны күннен күнге қарқын алуда. Бүгінге дейін Мақтаралдың шаруалары 650 мың тонна ақ алтын жинап отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

863 0

Оңтүстік Қазақстанда мақта теру науқаны күннен күнге қарқын алуда. Бүгінге дейін Мақтаралдың шаруалары 650 мың тонна ақ алтын жинап отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Маусым соңына дейін өңірде 265 мың тонна шитті мақта жинау межеленіп отыр. Ал бұл кезде аймақта астық жинау науқаны аяқталды. Облыста биыл 194 мың гектар алқапқа масақты дақыл егілді. Егілген масақты дақылдардан 371,5 мың тонна өнім жиналып, гектар түсімділігі 19,1 центнерді құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4 центнерге артық. Алынған өнімнің 30,2 мың тоннасы тұқымға, 152 мың тоннасы жемге, 171,4 мың тоннасы халыққа сатылды. Ал көкөністің отаны саналатын өңірде көкөніс пен бақша дақылдарынан бүгінге дейін 1912,5 мың тонна өнім жиналған. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 230 мың тоннаға артық.


Тегтер:

ОҚО мақта

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!