Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Фотография - Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері және Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қолдауымен ертең "Жастар" сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

455 0

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері және Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қолдауымен ертең "Жастар" сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

"Бос орындар жәрмеңкесіне жоғары және кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінің түлектері, жұмыссыз жастар қатысады. Жәрмеңке сағат 10:00-14:00 аралығында өтіп, жастарға 50-ден астам бос жұмыс орны ұсынылады" делінген хабарламада.

Жәрмеңке барысында жас түлектер бос жұмыс орындары бойынша қажетті ақпарат алып, дипломдарына сәйкес жұмыс табуға мүмкіндік алады. Жұмыс берушілер үміткерлерінің іскерлік қасиеттеріне баға беріп, жұмысқа жас мамандарды тартады. Маңызды іс-шара жастар арасында жұмыссыздықтың азаюына септігін тигізері сөзсіз.  

 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!