Павлодарда полиция 30 минуттың ішінде тонау оқиғасының бетін ашты

Фотография - Павлодарда полиция 30 минуттың ішінде тонау оқиғасының бетін ашты

Павлодар қаласының 26 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлеріне белгісіз біреулер пышақ ала ұмтылып, 150 мың теңге көлеміндегі қаражатын алып кетті деп арызданған

354 0

Павлодар қаласының 26 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлеріне белгісіз біреулер пышақ ала ұмтылып, 150 мың теңге көлеміндегі қаражатын алып кетті деп арызданған. 

Полицейлер тергеу кезінде ЖШС-лардың бірінде жүргізуші-экспедитор болып жұмыс істеген арызданушы  ақшаны өз қалтасына баспақ болғанын анықтады. Жауапкершіліктен құтылу үшін ол тонады деп жалған хабар берген.

Күдіктіден әлі жаратып үлгермеген ақша алынды. Тәртіп сақшылары 30 минут ішінде қылмыстық істің бетін ашты, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

ҚР ҚК 419 бабына сәйкес сот алдындағы тергеу басталды.  Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!