Бауыржан Байбектің төрағалығымен Алматыда Индустрияландыру картасына тағы 22 жоба енді

Фотография - Бауыржан Байбектің төрағалығымен Алматыда Индустрияландыру картасына тағы 22 жоба енді

Бүгін қала әкімі Бауыржан Байбектің төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінің отырысында Алматының 2015-2019 жылдарғы индустрияландыру картасына индустриялық инновациялық жобаларды енгізу мәселесі талқыланып, Алатау ауданындағы Индустриялық аймақта жүзеге асатын жобалар іріктелді.

329 0

Бүгін қала әкімі Бауыржан Байбектің төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінің отырысында Алматының 2015-2019 жылдарғы индустрияландыру картасына индустриялық инновациялық жобаларды енгізу мәселесі талқыланып, Алатау ауданындағы Индустриялық аймақта жүзеге асатын жобалар іріктелді.

Алматыда Индустрияландыру картасына жалпы құны 62,2 млрд теңге болатын 22 жоба енді.

Айта кету керек, бұған дейін екінші бесжылдықтың индустрияландыру картасына жалпы құны 17,6 млрд теңге болатын 7 жоба енген болатын.

"Картаға жасыл дәлізді қамтамасыз ете алатын, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жобалар енуі керек. Бүгін құны 62,6 млрд теңге болатын 22 жаңа жобаны қабылдадық. Енді 2015-2019 жылдардағы картаға 29 жоба еніп отыр. Олардың жалпы құны 80,2 млрд теңге. Жаңа жобалар 4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашуға көмек береді. Құрылыс кезінде 5 мыңға таяу адам жұмыспен қамтылады. Олардың 9-ына Алатау арнайы экономикалық аймағынан жер телімдерін бөлу туралы шешім шығарылды", - деді Б.Байбек.

Қала басшысының орынбасары Ерлан Әукеновке аталған жобаларды инфрақұрылыммен қамтып, құжаттық мәселелерін шешуді тездету тапсырылды.

"Жерді экспортқа бейімделген жоғары технологиялық өндірушілерге беру керек. Мұндай жобалар бар. Бірақ олар аз", - деді қала әкімі.

Қалалық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқарма басшысы Әлфия Балова үйлестіру кеңесіне 22 жоба жайлы баяндап берді.

Оның айтуынша, қабылданған жобалардың 8-і құрылыс өнеркәсібінің субьектілері болса, тамақ өнеркәсібінен - 3, химиялық өнеркәсіптен - 1, машина жасау саласынан  1 жоба мақұлданды.

Сондай-ақ, Алатау арнайы экономикалық аймағынан құрылыс өнеркәсібі бойынша 3 жоба, фармацевтикалық сала бойынша  3 жоба, химиялық өнеркәсіп бойынша 3 жобаға жер телімдері бөлінетін болды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!