Алматы облысында заңсыз жұмыстан шығарылғандар қайта қызметке тұрғызылды

Фотография - Алматы облысында заңсыз жұмыстан шығарылғандар қайта қызметке тұрғызылды

Алматы облыстық сотының апелляциялық сот коллегиясы "Kagazy Recycling" ЖШС екі қызметкерін негізсіз жұмыстан шығару ісін қарады.

156 0

Алматы облыстық сотының апелляциялық сот коллегиясы "Kagazy Recycling" ЖШС екі қызметкерін негізсіз жұмыстан шығару ісін қарады.

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

ЖШС қызметкерлері ҚР Еңбек кодексінің 54-бабы 1-бөлімі 2-бөлімшесіне сәйкес (Жұмысшылардың санын немесе штатты қысқарту жағдайында жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек келісімшартын бұзу) заңсыз жұмыстан шығарылған. Айыпталушы сонымен қатар ҚР Еңбек кодексінің 56-бабы 5-бөлімінде көрсетілген талаптарды бұзды. Жұмыс беруші  жұмысшылардың санын немесе штатты қысқарту жағдайында келісімшартты бұзса, жұмысшыны оның келісімімен өзге жұмысқа ауыстыруы тиіс. Сондай-ақ, штатты қысқарту туралы шешімді, еңбек келісімшарттарын бұзу туралы бұйрықтарды бұл іске құзыры жоқ тұлғалар шығарған.

8 шілдеде Қарасай аудандық соты шағымданушылардың шағымын қанағаттандырды.

Облыстық сотының апелляциялық сот коллегиясының қаулысымен бұл шешім өзгеріссіз қалды, айыпталушының апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!