Қостанайдың экс-әкімі лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталуда

Фотография - Қостанайдың экс-әкімі лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталуда

8 қыркүйек күні сағат 17:05-те сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ҚР ҚК 307-бабы 4-тармағы бойынша, яғни лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжановты ұстады.

249 0

8 қыркүйек күні сағат 17:05-те сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ҚР ҚК 307-бабы 4-тармағы бойынша, яғни лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжановты ұстады, деп хабарлайды BNews.kz.

8 қыркүйек күні Қостанайдың экс-басшысы Ахметбек Ахметжанов үйінде ұсталды. "Бүгін Қостанай қаласының №2 сотына бұрынғы әкімнің 307-бап 4-тармағында қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ертең оған қатысты бұлтартпау шарасы шешіледі", - деп мәлім етті Қостанай №2 соты оқу секторының жетекші маманы Гүлзада Жармұхамедова.

Естеріңізге салып өтсек, кеше 8 қыркүйекте Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың өкімімен А.Ахметжанов қызметінен босатылған еді.

Тамыз айында Қостанай әкімінің екі бірдей орынбасары – Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян қамауға алынған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!