"Astana" ӘКК" мен "ҚазАгро" азық-түлік келісімін бекітті

Фотография - "Astana" ӘКК" мен "ҚазАгро" азық-түлік келісімін бекітті

Бүгін Астана қаласындағы "Шапағат" коммуналдық шаруашылық базарында "Astana" ӘКК" ҰК" АҚ мен "ҚазАгро" ҰБ" холдингі өзара түсіністік пен әріптестік меморандумын бекітті.

178 0

Бүгін Астана қаласындағы "Шапағат" коммуналдық шаруашылық базарында "Astana" ӘКК" ҰК" АҚ мен "ҚазАгро" ҰБ" холдингі өзара түсіністік пен әріптестік меморандумын бекітті. Мұнда көзделген мақсат – қала тұрғындарына отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өз өнімдерін делдалдың араласуынсыз өткізуге көмек көрсету болып табылады

"Шапағат" базарындағы сауда алаңқайында жұртшылықтың көз алдында салтанатты жағдайда ұйымдастырылған шараға "Astana" ӘКК" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Арман Рамазанов пен "ҚазАгро" ҰБ" холдингі Басқарма төағасының орынбасары Айгүл Мұхамадиева қатысты. Ал мұндай мәміленің жасалуына Астана қаласы әкімдігінің мұрындық болғандығын да айта кеткен жөн. Бұл жөнінде Арман Рамазанов былай дейді:

- Біз қалалық әкімдіктің тапсырысымен нарықтағы бағаны тұрақтындыру үшін осындай шараның өтуіне ұйытқы болып отырмыз. Ендігі жерде "Шапағат" базарының сауда нүктелерін отандық азық-түлік өнімдерінің мол түрімен қамтамасыз ететін болсаз. Сол үшін бүгін "ҚазАгро" холдингімен ресми келісімді кепілдендіру үстіндеміз. Яғни, аталған компания өздеріндегі компаниялар тобының көмегімен азық-түлік өндірісіндегі өнімдерін саудалау үшін біздің сөрелерімізді пайдаланатын болады. Немесе, олардың өнімдерін біз қала іргесіндегі өз қоймаларымызда сақтау арқылы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жолында ынтымақтаса еңбек етуге ниеттіміз, - деді ол.

Төрағаның айтуынша, "Astana" ӘКК" ҰК" АҚ қарамағында қазіргі кезде заманауи талапқа сай 2 ірі сақтау қоймасы бар екен. Оның бірі 8 мың тонналық болса, екіншісі 5 мың тонналық азық-түлік өнімдерін сақтау ғимараты. Ол жерде қазіргі кезде негізінен қант пен күріш немесе қарақұмық секілді азық-түлік өнімдерінің мол қоры жинақталған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!