Астанада 3 мыңға жуық бала инклюзивті біліммен қамтылған

Фотография - Астанада 3 мыңға жуық бала инклюзивті біліммен қамтылған

Қазіргі таңда елордада балалардың дамуында бұзушылықтарды анықтайтын және оны түзетумен айналысатын, сонымен қатар оқыту бағдарламасын белгілейтін 30 арнайы білім мекемесі жұмыс істейді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен

229 0

Қазіргі таңда елордада балалардың дамуында бұзушылықтарды анықтайтын және оны түзетумен айналысатын, сонымен қатар оқыту бағдарламасын белгілейтін 30 арнайы білім мекемесі жұмыс істейді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, елорданың білім беру мекемелерінде 3269 ерекше бала бар, оның ішінде 217-сі арнайы коррекциялық мектеп-интернаттарда, 345-сі үйде оқиды, ал мектепке дейінгі мекемелерде 1040 бала, арнайы балабақшаларда 322 бала, колледждерде 108 оқушы білім алады. 

№ 10 мектеп-гимназияда көзі нашар көретін балаларға арналған 18 сынып ашылды. Осы оқушыларға коррекциялық және медициналық көмек көрсету үшін қажетті керек-жарақтармен жабдықталған медициналық кабинет жұмыс істейді. Оның штатында дәрігер, екі тифлопедагог және медбике бар.

№65 мектеп-гимназиясында нашар еститін және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 11 сыныпта төрт жыл бойы 85 бала оқиды. Білім ошағының ғимаратында мүгедек балалардың еркін жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар, мектеп ойын бөлмесімен, арнайы дәретханалармен, вертикализаторлармен, қолайлы парталармен жабдықталған.

2014-2015 оқу жылында № 63, 74, 78 мектептерде де инклюзивті білім беру енгізілді. № 75 жаңа мектепте сөйлеу қабілеті нашар 17 балаға екі сынып ашылды. № 23 орта мектепте аутизммен ауыратын 5 балаға арнайы ресурстық сыныптар ашылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!