Оңтүстіктен Астанаға ауыл шаруашылық керуені аттанды

Фотография - Оңтүстіктен Астанаға ауыл шаруашылық керуені аттанды

Оңтүстік Қазақстаннан Астанаға ауыл шаруашылық өнімдері тиелген керуен жол тартты, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

201 0

Оңтүстік Қазақстаннан Астанаға ауыл шаруашылық өнімдері тиелген керуен жол тартты, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

 Бас қалада қыркүйектің 12 -13 күндері өтетін жәрмеңкеге жалпы құны 90 миллионға жуық теңгенің 306 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіледі. 
Елордалықтарға нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен 52 тонна ет, 5 тонна қымыз, 127 тонна көкөніс, 11 тонна картоп, 35 тонна бақша өнімдері мен 55 мың дана жұмыртқа жәрмеңкеге шығарылады. 
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, биыл облыс бойынша 164 ауыл шаруашылығы жәрменкесі өткізіліп, оған 500 мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері мен 300 мың дана жұмыртқа шығарылған. Аталған жәрмеңкелердің жалпы сомасы 2 милллиардқа жуық теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы саласына бейім өңірде әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, мақта және бидайдың егіс алқаптары кемітілсе, көкөніс, картоп, бақша дақылдарының көлемі 3 мың гектарға ұлғайтылды. Ал жалпы егіс көлемі 785 мың гектарға жеткен. 
Облыста ағымдағы жылы 850 мың тонна көкөніс, 1200 мың тонна бақша өнімдері, 85 мың тонна жеміс-жидек, 58 мың тонна жүзім өндіру жоспарлануда. Бұл облыс халқының қажеттілігіне көкөністен 2 есеге, бақшадан 6 есеге, жеміс жидектен, жүзімнен 3 есеге артық.
Мал шаруашылығын дамыту бойынша да біршама жұмыстар жоспарланып отыр дейді сала мамандары. Атап айтсақ, жыл соңына дейін 2735 шағын бордақылау алаңдары, 516 жанұялық сүт ферма, 41 сүт қабылдау бекеті, 16 шағын құс фермалары ашылмақ. 
Қайта өңдеу саласы бойынша ағымдағы жылы қосымша қуаттылығы 10600 тонна ет, 8850 тонна сүт, 18500 тонна жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу кәсіпорындары ашу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, ауыл шаруашылығының жалпы өнім қөлемі 346,6 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 105 % жеткізіледі.
Облыс халқының қажеттілігінен артық өнімдер Республикамыздың солтүстік өңірлері мен ТМД елдеріне, сонымен қатар алыс жақын шет елдерге экспортқа шығарылуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!