Астанада "Tattialma.kz" балалар сайтының тұсаукесері өтті

Фотография - Астанада "Tattialma.kz" балалар сайтының тұсаукесері өтті

Бүгін Астанадағы №70 мектеп-лицейінде өткен балаларға арналған 2 томдық көркем шығармалар жинақ – «Тәтті алма» кітабының тұсаукесері кезінде "Tattialma.kz" балалар сайтының да тұсауы кесілді.

267 0

Бүгін Астанадағы №70 мектеп-лицейінде өткен балаларға арналған 2 томдық көркем шығармалар жинақ – "Тәтті алма" кітабының тұсаукесері кезінде "Tattialma.kz" балалар сайтының да тұсауы кесілді.  

"Тәтті алма" жинағындағы барлық шығармалар мен қоса оқушыларға арналған түрлі қызықты мазмұндарды қамтыған жаңа сайт Мемлекеттік тілді дамыту қорының жаңа жобалары аясында ашылып отыр.

"Біз проза мен поэзиядан тұратын "Тәтті алма" атты екі томдқытан 3000 дана шығарып, еліміздегі барлық балалар кітапханалары мен мектеп кітапханаларына жеткізудеміз. Алайда, біз бұл кітаптан қанша көп шығарсақ та барлық республиканы қамти алмайтын болдық. Сондықтан балаларды әдебиет әлемімен таныстыру мақсатында сайт аштық. Сайттың басқы бетінде жинаққа енген шығармалар орналастырылған. Сондай-ақ, онда мультфильмдер, ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, және ата-аналарға арналған бөлім мен байқаулар бөлімі бар. Алдағы уақытта да сайттың мазмұны байып, жаңара береді",-деді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев.

baq.kz


Тегтер:

сайт Астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!