Павлодарда картоп жәрмеңкесі өткізілді

Фотография - Павлодарда картоп жәрмеңкесі өткізілді

Павлодарда өңірлік картоп жәрмеңкесі өткізілді. Оған барлық облыстардан Павлодар картобын сатып алушылар жиналды.

362 0

Павлодарда өңірлік картоп жәрмеңкесі өткізілді. Оған барлық облыстардан Павлодар картобын сатып алушылар жиналды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше, жалпы, бұл өнімді бүкіл ауылдардағы шаруа қожалықтары өсіреді десе болғандай. Картоптың келісі 35 теңге.

 Жәрмеңке қорытындысы бойынша "Алтынды ПВ" ЖШС астаналық "Laim Group Company" ЖШС, алматылық "Метро" сауда кешенімен, "АПК Үміт" ЖШС, "АзияАгроХолдинг" ЖШС-мен картоп тасымалдау жөнінде келісімшарт жасасты. Ал "Ақтоғай-Агро" ЖШС "Атырау" ӘКК-на мың тонна көкөніс жеткізетін болса, "Маяк" шаруа қожалығы "АПК Үміт" серіктестігімен, "Атырау" ӘКК-на 2 мың тонна өнім тасымалдау туралы келісті. "Агросоюз" ФК "Атырау" ӘКК-на 2 мың тонна картоп сататын болды. Кәсіпорын жәрмеңке күні-ақ жергілікті "Лейла" ШҚ-нан картоп сатып алды. Сондай-ақ, "Тоғаз" шаруа қожалығы, Шымкенттегі "Зурпиева Ж.М" -ге, "Андас" шаруа қожалығы "Атырау" фирмасына, "Кеңес Агро" серіктестігі Астанаға картоп жеткізбек, деп хабарлайды egemen.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!