Сабақтың 7:40 басталуы Астана оқушыларының денсаулығына әсер етеді – педиатр

Фотография - Сабақтың 7:40 басталуы Астана оқушыларының денсаулығына әсер етеді – педиатр

Астананың 17 мектебіндегі жаңа кестені оқушылардың ата-аналар қызу түрде талқылауда. Көпшілігі сабақтың таңғы сағат 7:40 басталғанына қарсы, деп хабарлайды Today.kz.

276 0

 Астананың 17 мектебіндегі жаңа кестені оқушылардың ата-аналар қызу түрде талқылауда. Көпшілігі сабақтың таңғы сағат 7:40 басталғанына қарсы, деп хабарлайды Today.kz.

"Мен басқа да ата-аналар секілді, мұндай шешімге көңілім толмайды. Мұндай өзгертулер біздің балаларымыз үшін керегі жоқ.  Таң азанымен балалардың ықалысы қандай болмақ? Менің ойымша балалар сабақта ұйқылы ояу отырып, сабақтың мән жайын түсіну қиындау болады", -дейді №75 мектеп оқушысының анасы Татьяна Смирнова.

"Мен мұндай өзгертулерге наразымын. Мемлекеттік стандарттар бар емес пе?  Өзіміз заң қабылдап, өзіміз бұзғанмен тең боламыз.  Балалар арқылы үлкендердің мәселесін шешуге болмайды. Жолдағы тығындар болған, бар, болады да. Неге үлкендердің жұмыс уақытын ауыстырмасқа?" – дейді тағы бір оқушының анасы Мадина Қолжанова.

 

Осыған орай, дәрігерлердің ойынша, мұндай жаңа өзгерістер бала денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

"Ғылыми тұрғыдан қарасақ, бұл өзгерістер бала денсаулығына кері әсерін тигізеді. Балалар бостан-босқа ұйқылары қанбайды. Біз білетіндей ұйқысы қанбаған адамның иммунитеті әлсірейді, және де жүрек-қан тамырларының ауруына ықпал жасауыда ғажап емес. Ұйқысы қанбаған балалар ашушаң, ұмытшақ және күйгелек келеді ", -деп түсіндірді №4 балалар емханасының педиатр-дәрігері Айнұр Смаилова.

Осыған қоса, психолог, психологиядан сабақ беруші және психотерапевт Елена Лосеваның ойынша мұндай өзгертулер оқу орындарындағы ережедегі санитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Ережеде оқу орындарында сабақтың басталуы сағат сегізге дейін басталмауы керек деп жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйектен бастап Астананың 17 мектебінде бірінші ауысым уақыты 7:40-тан басталатын болып өзгертілген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!