Ә. Исекешев пен Б. Байбек арнайы экономикалық аймақтағы инновациялық жобалар көрмесімен танысты

Фотография - Ә. Исекешев пен Б. Байбек арнайы экономикалық аймақтағы инновациялық жобалар көрмесімен танысты

Бүгін Алматы іргесінде орналасқан "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек 2015-2016 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы екіжақты Меморандумға қол қойды.

408 0

Бүгін Алматы іргесінде орналасқан "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек 2015-2016 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы екіжақты Меморандумға қол қойды. 

Онда энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, инвестициялық туризм, индустриялық инфрақұрылым, азаматтық авиация, инновациялар мен технологиялар және көлік салалары бойынша басым бағыттар белгіленген.
"Алматы қаласының "Инновациялық технологиялар паркі" АЭА-ның болашағы зор. Мұнда 2018 жылға дейін 500 стартапты-инновациялық жобалар қарыжыландырылады. Бұдан өзге трансұлттық компаниялардың қатысуымен технологияларды дамыту бойынша 5 орталықты іске қосу көзделген. Бұл қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді", - деді Ә. Исекешев.
Өз сөзінде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қалада индустриалды аймақтарды дамытуға басымдық берілетіндігін айтты.
"Біз осындай қиын кезеңде Алматының қандай әлеуеті бар екендігін, қандай салаларды дамытуға басымдық беру керектігін қарап шықтық. Бірінші, кезекте қалада көлік-логистикалық желілерді дамыту қажет. Алматының әлеуеті өте жоғары. Сондықтан, қалада индустриялдық аймақтарды дамытуға күш салынады", - деді Б. Байбек.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!