300 мыңнан астам адам арендалық баспана алу үшін кезекте тұр

Фотография - 300 мыңнан астам адам арендалық баспана алу үшін кезекте тұр

Арендалық баспана бойынша әкімдіктердің кезегінде 300 мыңнан астам адам кезекте тұр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті

160 0

Арендалық баспана бойынша әкімдіктердің кезегінде 300 мыңнан астам адам кезекте тұр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

Биыл жергілікті атқарушы органдардың кезегіндегілер үшін баспана салу бағытында және жас отбасыларға 115 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Қазіргі кезде 101 мың шаршы метрі пайдалануға берілді, яғни бұл көрсеткіш жоспардың 88 пайызын құрап отыр. Жыл соңына дейін қалған шаршы метрлер тапсырылатын болады.

Қ. Өскенбаевтың сөзіне қарағанда, жергілікті атқару органдары желісі бойынша кезекте тұрғандарға арналған арендалық баспанаға 337 112 адам үмітті. Олардың арасында ҰОС қатысушылары мен мүгедектері - 319 адам, жетімдер - 47 613, әлеуметтік әлсіз санатындағылар - 143 414 адам, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдар жұмысшылары, әскерилер - 143 610, ал жалғыз баспаналары апатты деп танылған азаматтардың саны 2 165 адамға жетті.

"Жас отбасыларға бөлек бағдарлама бар. Жас отбасылар баспаналары тапсырылғаннан кейін осы пәтерлерінде тұрып, сегіз жылдың барысында оны сатып алуға қаржы жинай алады. Егер жинаған қаржысы жетпесе, онда Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде 4  пайыз жылдық мөлшерде 15 жылға несие алады", - деді министрдің орынбасары.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!