Калачиден балалы отбасыларды көшіру жұмысын жалғастыра беретін боламыз

Фотография - Калачиден балалы отбасыларды көшіру жұмысын жалғастыра беретін боламыз

Калачи ауылындағы мектепте 42 бала білім алуда. Олардың білім алуына барлық жағдай жасалған

123 0

Калачи ауылындағы мектепте 42 бала білім алуда. Олардың білім алуына барлық жағдай жасалған.
Бұл туралы "Ақмола Медиа Орталығында" өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәлім етті. 

Оның айтуынша, "ұйқылы" ауылдан тұрғындарды көшіру шарасы қолға алғаннан бері барлығы 70-ке жуық отбасы облыстың өзге өңірлеріне көшірілген. 

"Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы санақ бойынша Калачи ауылында барлығы 532 адам немесе 223 отбасы тіркелді. Оның 19 пайызы бабалар. Қыс айларынан, жыл басынан қазіргі уақытқа дейін бұл ауылдан 70 отбасы басқа өңірлерге қоныс аударды. Бұл ретте әрбір қоныс аударушы өзіндік әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді. Олардың барлығына үй берілді. Жекелеген жағдайларда қажеттілікке орай ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары тарапына материалдық көмек пен көтерме қаржы берілді. 

Сондай-ақ, қоныс аударған жеріне тұрақтануы, шаруасын қалпына келтіруі үшін жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдарының, жұмыс берушілердің бастамасымен уақытша ұстауға үй жануарлары берілді. Калачи ауылындағы мектепте 42 бала білім алуда. Олардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Ең бастысы - баланың денсаулығы. Сондықтан, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте балалы отбасыларды өзге жаққа көшіру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра беретін боламыз", - деді Н.Нұркенов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!