Қазақстан азаматы Дубайда лотереядан $1 млн ұтып алды

Фотография - Қазақстан азаматы Дубайда лотереядан $1 млн ұтып алды

Қазақстанда миллионерлердің қатары бір адамға толықты. Жерлесіміз Омар Самаликов Dubai Duty Free сауда дүкені өткізетін лотереяда ұтты.

243 0

Қазақстанда миллионерлердің қатары бір адамға толықты. Жерлесіміз  Омар Самаликов Dubai Duty Free сауда дүкені өткізетін лотереяда ұтты. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

Бастапқыда Дубайда бұл бір реттік қана ұтыс ретінде өткізілмек болған. Алайда ол көпшілікке ұнап, ойынды үнемі өткізу шешімі қабылданды, деп жазды "Экспресс К".

Өткен 15 жылда мұнда  Ұлыбритания, БАӘ және Филиппин азаматтары олжаға кенелген. Ал бұл көрсеткіш бойынша үнділіктер көш бастап тұр. Бұл елдің 17 азаматының бағы жанып, ұтысқа қол жеткізді.

Жуырда қазақстандық Омар Самаликовтың да жұлдызы оңынан туды. Ол лотереяның 198-ші тиражының жеңімпазы атанды. 0, 5, 2 және 9 сандары арқылы қомақты қаржыға ие болды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!