ШҚО-да жолаушылар пойызын таспен атқылаған жасөспірім ұсталды

Фотография - ШҚО-да жолаушылар пойызын таспен атқылаған жасөспірім ұсталды

"Алматы-Защита" бағытындағы жолаушылар пойызының үш вагонының терезесін таспен ұрып сындырған 15 жастағы жеткіншек ұсталды деп хабарлайды ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

161 0

"Алматы-Защита" бағытындағы жолаушылар пойызының үш вагонының терезесін таспен ұрып сындырған 15 жастағы жеткіншек ұсталды деп хабарлайды ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталған бала Өскемен қаласының тұрғыны, №36 мектептің оқушысы дейді тәртіп сақшылары. Ол қасақана пойыздарға нұқсан келтіріп, вандализм бабы бойынша айыпталып отыр.

Көліктегі ІІД-де 2015 жылдың 8 айы ішінде ҚР ӘҚБтК 448 бабы «Жасөспірімдер вандализмі» бойынша 5 жасөспірім жауапкершілікке тартылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!