ШҚО-да үш бірдей жарық-музыкалы субұрқақ ашылды

Фотография - ШҚО-да үш бірдей жарық-музыкалы субұрқақ ашылды

Қала күні мерекесі қарсаңында Өскеменнің көрікті орындарының қатарына жарық-музыкалы субұрқақ қосылды

225 0

Қала күні мерекесі қарсаңында Өскеменнің көрікті орындарының қатарына жарық-музыкалы субұрқақ қосылды, деп хабарлайды baq.kz.

Субұрқақтың ашылу салтанатына Қазақстанның халық артісі Айман Мұсаходжаева, ШҚО әкімі Даниал Ахметов және І халықаралық "Ақ ертіс" классикалық өнер фестиваліне келген қазақстандық және әлемдік әртістер қатысты.

Әрбіреуінің аумағы 20х40 м болатын үш бірдей субұрқақта оркестрлік әуен ойнап, жарық түсін ауыстырады. Ең үлкен субұрқақтың биіктігі 40 метрге дейін жетеді.

– Музыка, әдемі жарық және субұрқақ – үйлесімі керемет болып табылатын туынды. Дәл осы жер Өскемен қаласы тұрғындарының кешкі уақытта серуендейтін сүйікті орындарының бірі болады деген сенімдемін, – деді Айман Мұсаходжаева.

Өскемен қаласы ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімінде мәлімдегендей, субұрқақ суық түскенше жұмыс істейді. Ал, келесі жылы мамыр айынан бастап іске қосылады.

Қала күнінде тұрғындарға жасалған бұл соңғы сыйлық емес. Бірер күнде Өскеменде Славский атындағы жағалау ашылады. Күрделі жөндеуден кейін жағалауға балалар қалашығы орнатылып, 2,5-3 шақырымдық велосипед жолы және жүгіру алаңы салынған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!