Сәрінжіпов сабақтың "7:40" басталуына байланысты кез-келген шешіммен келіседі

Фотография - Сәрінжіпов сабақтың "7:40" басталуына байланысты кез-келген шешіммен келіседі

ҚР Білім және ғылым министірі Аслан Сәрінжіпов Астана қаласының кейбір мектептеріндегі сабақтың басталуына қатысты өзгерістер туралы түсініктеме жасады, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

191 0

ҚР Білім және ғылым министірі Аслан Сәрінжіпов Астана қаласының кейбір мектептеріндегі сабақтың басталуына қатысты өзгерістер туралы түсініктеме жасады, деп хабарлайды Today.kz  тілшісі.
"Бұл мәселе бойынша жергілікті атқарушы қызметтер айналысуда, сол себепті, оны әкімдік шешуі қажет. Біз әкімдікке мұғалімдер, оқушылар мен олардың ата-аналарының пікірін тыңдап, сосын барып шешім қабылдауды ұсынғанбыз. Бұл жерде байбалам салу қажет емес, біз дұрыс шешім қабылдаймыз",- деді Аслан Сәрінжіпов.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйекте белгілі болғандай Астананың 17 мектебінде оқу кестесі өзгерген болатын. Қалалық білім басқармасында мәлімдегендей, қаланың кейбір мектептерінің оқушылары сабақты таңғы сағат 7:40 бастауы керек.
Бұл өзгерістерге ата-аналарын өздерінің наразылығын білдірсе, ал арнайы ғалымдар балалардың денсаулығына алаңдайды. Дәрігерлердің ойынша, мұндай өзгертулер бала денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Ал, депутаттар болса, балалар жаңа өзгертулерге тез дағдыланып кетеді деп пікір білдірген.
Сонымен қатар, 10 қыркүйекте қала әкімдігінде бұл мәселе толыққанды шешілген жоқ деп ақпарат таратқан. Астанада осы мәселеге қатысты жұмыс уақытысын ауыстыру мүмкін.
Осы мәселе бойынша ғаамторда қызу пікір алмасулар жүріп жатыр. Ата-аналардың көпшілігі бұл өзгерістерге қарсы екендігін білдіріп, ҚР білім және ғылым министірі Аслан Сәрінжіповқа аранайы хаттама жолдамақ.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!