Отбасы күніне орайластырылған экологиялық сенбілік өтеді

Фотография - Отбасы күніне орайластырылған экологиялық сенбілік өтеді

Ертең сағат 11:00-де «Наз» мемлекеттік би театры алдындағы алаңда "Помоги своей планете стать лучше!" ұранымен экологиялық сенбілік өтеді.

181 0

Ертең сағат 11:00-де «Наз» мемлекеттік би театры алдындағы алаңда "Помоги своей планете стать лучше!" ұранымен экологиялық сенбілік өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.  

Аталған шара тазалық пен тәртіпке шақырады, ал жастарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді. Шараны ұйымдастырушылар - Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты мен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК» АҚ.

Экологиялық сенбілікке 300 жуық адам жұмылдырады. Шара барысында аумақтар қоқыстан тазартылып, жиналған өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату жүзеге асырылады.

Шара аясында қала тұрғындары өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату бойынша екінші рет өткізілетін шеберлік сыныбына қатысады. Балалар топтарға бөлініп, қараторғайларға ұя жасауды үйренеді. Ал қазылар алқасы ең үздік топты анықтайтын болады. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!