Астана прокуратурасы сабақтың 7:40 өзгертулер жайында әкімдікке ескерту жасады

Фотография - Астана прокуратурасы сабақтың 7:40  өзгертулер жайында әкімдікке ескерту жасады

Астана қаласының прокуратурасы елорданың кейбір мектептеріндегі сабақ кестесін өзгертіп, бірінші сабақты таңертеңгі 07.40-та бастау туралы мәселеге қатысты түсініктеме берді.

198 0

Астана қаласының прокуратурасы елорданың кейбір мектептеріндегі сабақ кестесін өзгертіп, бірінші сабақты таңертеңгі 07.40-та бастау туралы мәселеге қатысты түсініктеме берді.

"Мектептердегі сабақ кестесінің бұлай өзгеруі қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін болғандықтан (білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмауы тиіс), прокуратура органдары тексеріс жүргізді, оның нәтижесінде қалалық білім басқармасының нақты мұндай шешімді қабылдамағаны анықталды.

Сонымен қатар, қоғамда қалыптасқан алаңдаушылықты ескере отырып, Астана қаласының прокуратурасы а.ж. 10 қыркүйекте Астана қаласының әкімдігіне заңнамамен белгіленген жауапкершілікті ескерте отырып, заңды бұзуға болмайтыны туралы алдын ала ескерту енгізді" делінген қалалық прокуратураның сайтында жарияланған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарында елордалық 17 мектептің ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінен бастап бірінші ауысым үшін сабақты сағат 07:40-та бастап, жаңа жұмыс режиміне көшетіні туралы мәлімет таратылған болатын.

Осы мәселе бойынша ертеректе, ҚР Білім және ғылым министірі Аслан Сәрінжіпов Астана қаласының кейбір мектептеріндегі сабақтың басталуына қатысты өзгерістер туралы түсініктеме жасаған болатын.


Тегтер:

Астана 7:40

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!