Қазақстандық қажыларды қасиетті Мединаға үлкен қошеметпен шығарып салуда (фото)

Фотография -  Қазақстандық қажыларды қасиетті Мединаға үлкен қошеметпен шығарып салуда (фото)

Бүгін 23.40 Алматы қаласының әуежайынан Медина қаласына 300 қазақстандық қажы аттанбақ.

472 0

Бүгін 23.40 Алматы қаласының әуежайынан Медина қаласына 300 қазақстандық қажы аттанбақ. Шариғат заңына сәйкес бесінші парыз  болып саналатын қажылықты орындау бүкіл мұсылман жұртының арманы, сондықтан да қасиетті борышты орындау Жаратушыға деген шынайы сенімі мен иманының күштілігін дәлел келтіру болып табылады. Қажыларды шығарып салу рәсіміне Today.kz тілшісіде қатысқан болатын.
Іс-шараны Алматы қалалық мешіттің жаста болса қари дәрежесіне жеткен жігіт құран оқып бастады. Содан соң құттықтау сөзін ҚМДБ наиб мүфти Серікбай қажы Ораз сөз алып, қажылыққа аттанушыларға "ақжолтай" тіледі.  Іс-шараның құрметті қонағы Қазақстандағы Сауд Аравиясының өкілі де қажылыққа аттанушыларға сапардың жеңіл болып, аман есен атқарып шығуын тіледі. Араб тілінен өз тілімізге ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы аударып отырды. Болашақ қажыларға сәт-сапар тілеуге келген айтыскер ақын Серік Қалиев арнау жолдады. Ал, "Сұңқар" тобы "Қажылық" әнін орындады.  Сөз соңында Хикмет және Яссауй турагенттіктерінің өкілдері соңғы нұсқаулар  айтып, құжаттарды таратып жатты. Айта кету керек "Өнер қырандары" театырының актері Мадияр Серікбаев бүгін Медина қаласына аттанып, парызын орындап, қажы атанбақ. 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Серікбай қажы Ораз қажылықтың оңай шаруа емес екендігін айтып, жалпы қажылыққа барғанда қандай іс-әрекеттер жасау керектігін сатылай түсіндіріп берді. Діни қызметкердің айтуынша, қазақстандық қажылар көптеген тарихи орындармен танысып, көп қызықтарға кенеледі. Ертеңнен бастап ақ қазақстандық діндарлар Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) мешітінде болып намаз оқый алады.  
"Хадисте айтылғандай:  егерде кімде-кім Масджид ан-Набави (Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) мешіті) мешітінде намаз оқып құлшылық қылса, ол адамға басқа жерде оқыған намазға қарағанда мың есе сауап жазылады. Ал, егер адамдар Мекке қаласында Қағба орналасқан мешітте намаз оқып, құлшылық қылса оған жүз мың сауап жазыладыдеген. Сондықтан да үш күн бойы біздің қажылар мешіттерді аралап, тарихи жерлерді көре алады", - дейді Наиб мүфти Серікбай қажы Ораз.
Үш күн өткен соң, қазақстандық қажылар Медина қаласынан Мекке қаласына аттанады. Екі қаланың ортасында орналасқан Абд-Нашид  мешітіне кіріп, жуынып сосын ер адамдар арнайы киімді киеді. Сосын Мекке қаласындағы Қағбаны жеті рет айналуы тиіс. Негізгі қажылық 20 қыркүйекте басталады. Құлшылық етушілер Мина алқабына барып,  Арафат тауына шығады соңында Мұздалифа алқабында түнейді. Ертесіне Мина алқабына қайтып сайтанға тас лақтыру рәсімін жасайды. Қалаға оралған соң Қағбаны жеті рет айналып тауаф жасайды. Соңғы күндері ер дамадар міндетті түрде шашын алғызады. Мина алқабында 23-24 қыркүйекте құрбан айт кезінде қой сойдырып, құрбан шалу керек.
"Негізге қажылықтың парызы үш нәрсе: Арафат тауына шығу, Қағбаны жеті рет айналу және де қажылық киімі ихрамды кию", - дейді Наиб мүфти.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы қажылыққа Қазақстаннан 4500-дей адам қажылық етуге аттанады. 
Бұдан ертеректе, Сауд Арабия Корольдігіне (САК) ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Эр-Рияд қаласында "Нас" холдинг басшысы Ахмет Сұлтан мырзамен кездесіп, биыл Flaynas халықаралық әуекомпаниясы қазақстандық қажыларды тікелей рейспен қасиетті Мекке қаласына жеткізу туралы келісімшарт жасасқан болатын.
Осыдан екі аптадай уақыт бұрын Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылы қажылыққа баруға ниет еткен азаматтарға Әл-Мәдина мешітінде семинар ұйымдастырған болатын. 
Жалпы әлем бойынша биыл 1,5 млн мұсылман қажылық парызын өтейді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!