Қызылордалықтар Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізуде

Фотография - Қызылордалықтар Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізуде

Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесіне орай бүгін Астана қаласындағы "Думан" ойын-сауық орталығы алдында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілуде

245 0

Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесіне орай бүгін Астана қаласындағы "Думан" ойын-сауық орталығы алдында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілуде.
 

Сыр елінен жәрмеңкеге жалпы соммасы 71709, 9 мың теңгені құрайтын 424, 19 тонна өнім әкелінді. Жәрмеңкеде аймақтың брендіне айналған Сыр маржанынан бастап жеміс-жидек, көкөніс, ет, сүт және тағы да басқа 37 түрлі өнім нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен сатылуда. Тұтынушылар тауардың сапасын жоғары бағалап отыр. Әрі бағасы қалталарына қонымды екендігін айтуда. 
Жәрмеңкеде қызылордалық өнерпаздар мерекелік концерт қойып, жергілікті халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.

Айта кетейік, ауыл шаруашылық жәрмеңкесі екі күнге созылады. Яғни, ертең де қызылордалықтар арзан бағада өнімдерін сатпақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!